17.03.2022
140
Жүргіншілер мен иттер
Кешке таман қос жүргінші қосылып,
Келе жатты әңгіме айтып шешіліп.
Кенет шығып шарбақтан,
Шәуілдек ит абаланып шабынды,
Оған еріп екі-үшеуі тағы үрді,
Енді бірде елу ит кеп қосылды әр жақтан.
Бір жүргінші тас алғанда көтеріп,
Екіншісі деді: «Сабыр етелік.
Ит оныңды тыңдай ма?
Өршелене түсер қайта мұндайда;
Білем сырын олардың, еш елеңсіз жүр қайта».
Солай болды, елу қадам жүрмей-ақ,
Басылды иттер үрмей-ақ,
* * *
Ақырында үндері өшіп, тынды аяқ.
Күншіл иттің әдеті ғой басынан,
Әр нәрсеге үреді ол.
Көңіл бөлмей, өз жолыңмен жүре бер:
Біраз үріп басылар.