17.03.2022
  105


Автор: Абдрахман Асылбек

Бөшке

Танысына қолқа сала дос келді,
Үш-ақ күнге бере тұр деп Бөшкеңді.
Досқа деген дос көңілі керек қой,
Егер ақша сұраса, онда әңгіме бөлек қой:
Достықты онда доғарып, бермеуге де болады –
Ал, Бөшке ше, зат емес қой бағалы.
Сол Бөшкесін қайта алған соң, тола ғып,
Әдетінше иесі су тасыды.
Бәрі жақсы-ау, жамандығы анық бір:
Бөшкені дос шарап үшін алыпты.
Шарап исі мұрыныңды жарып тұр,
Екі-ақ күнде әбден сіңіп қалыпты:
Сусын, шалап құйса да, мейлі тамақ салып бір,
Жыл бойына шараппенен сасыды.
Көрді иесі Бөшкені кептіріп те, булап та,
Неше түрлі сұйықпенен сулап та,
Шарап исі кетпей қойды бір уаққа,
Тынды ақыры қиратып сол Бөшкені сасыған.
* * *
Бұл мысалдың мәнісін ұмытпаңдар, әкелер,
Әуел баста бір жіберіп қате егер,
Жаман үлгі берер болсаң жасынан,
Өмір бойы бала ісінен көрініп,
Мейлі, сөзі тұрғанымен төгіліп,
Жаман қылық қалмай қояр қасынан.





Пікір жазу