17.03.2022
  104


Автор: Абдрахман Асылбек

Бүркіт пен тауықтар

Күнді анықтап көргісі бір келгенде,
Бүркіт ұшты шарықтап.
Біраз жүрді қалықтап,
Жай ойнайтын жерлерде.
Содан кейін төмендей кеп жай ғана,
Қонды шағын шөмелеге жайлана,
Бүркітке бұл аласа еді дегенмен.
Құс Патшасы шөмелеге алайда,
Мән бергісі келді ме екен қалайда?
Не өзіне лайықты маңайда
Болмады ма биік жартас, емен де?
Біле алмады не болғанын Патша бұл.
Еткеннен соң аз дамыл,
Барып қонды шөмелеге басқа бір.
Мұны көрген Тауық дүр
Былай деді досына:
«Бүркіт боп па осы да?
Қарай көрші қонған жерін тауып бір.
Самғап мына қорадан,
Мен де ұшып-қона алам.
Қанат жайып ұшар болсам егерде,
Бүркіттердің тырнағын да, көзін де,
Байқадың ғой өзің де.
Керек десе, кезінде
Біз секілді ұшады екен төменде».
Деді Бүркіт тәкппарсып шамалы:
«Төменірек ұшатын кез болады.
Ал, бірақ та, Бүркіттерден жоғары
Ұшқан Тауық жоқ әлі!»
* * *
Таланттының таныр болсаң ұлысын,
Тырнақасты кір іздеме, құрысын.
Бәрінен де дұрысы –
Ол самғаған биіктерге бір ұшу.





Пікір жазу