17.03.2022
  182


Автор: Абдрахман Асылбек

Үш әйелді еркек

Әйтеуір бір күнәкар
Әйелден соң тағы екі әйел алыпты.
Бұл жайында Патша естіп қалыпты
(Қатал Патша қайтіп оны ұнатар?
Мұндай істі тіпті оғаш көріпті.)
Әйелпазды тездеп сотқа беріпті,
Бересіңдер депті ауыр жазаны.
Халық қатты сескенді,
Қатал жаза болатынын ескерді:
«Алда ешкім алмас болсын мазаны:
Байқалса егер осалдығы жазаның,
Барлық сотты шеттерінен асамын!»
Соттарға оңай соқпады,
Қауіптенді денелерін жауып тер.
Кеңесумен үш тәулік те өтті әрі,
Қылмыскерге ауыр жаза тауып көр?
Жазалаудың болғанымен түрі көп,
Зұлымдықтан арылатын бірі жоқ.
Құдай, бірақ, соттарға ақыл кіргізді.
Атап олар қылмыскердің есімін,
Жинақтай кеп шешімін,
Хабарлады кесімін:
Үш әйелмен қайта бірге тұрғызды.
Мұндай сотқа таңданды жұрт аһ ұрып,
Соттарды енді асады деп жүргенде,
Төртінші күн мүрдем кеп,
Әйелпаз ер өліп қалды асылып.
Мұндай ауыр үкімнен шын қорқумен,
Ешбір пенде сол күннен
Алмапты әйел бір некеден асырып.


 





Пікір жазу