17.03.2022
  96


Автор: Абдрахман Асылбек

Өмір деген асқар тау биік екен

Өмір деген асқар тау биік екен,
Мекендеген биікті киік екен.
Арманыма жетермін не жетпеспін,
Мен өзіңді бәрібір сүйіп өтем.
Ойламадым бар-жоғын күйеуіңнің,
Ойламадым бар-жоғын сүйеуіңнің.
Жарқын жүзді, жайдары, ақ көңілді
Сендей жанды көргеннен сүйе білдім.
Қаламасаң сен мені, қаласаң да,
Ақ көңілмен аға деп санасаң да,
Мен өзімді бақытты сезінемін,
Жақын жанның бірі деп санасаң да.





Пікір жазу