17.03.2022
  304


Автор: Нұрлан Оразалин

Бақыт деген...

Бақыт деген
немене, деп сұрама,
жаным, маған
таға көрме өзге мiн,
Бақыт деген сiрә да,
сенiң менi сағынатын кездерiң,
менiң сенi сағынатын кездерiм.
Қондырып ап –
кеудеге бiр құс аппақ,
менiң сенi тұрған шағым құшақтап,
қанатында ғажайып бiр сезiмнiң
Адам Ата – Хауа Анаға ұсап қап…
21 қазан, 1973 жыл.





Пікір жазу