17.03.2022
  185


Автор: Нұрлан Оразалин

МОЙЫНДАУ

 Iздедiм…
Сәуiр түндерiне сан бардым,
көшенi кездiм, сандалдым;
тойларда өлең оқыдым,
ұйқысын бөлiп таңдардың.
Адастым…
Жападан-жалғыз мұң кештiм,
жұлдыздарменен тiлдестiм,
қондырып Айды кеудеме,
өзiммен-өзiм күн кештiм.
Таптым…
Қуандым, күлдiм, жыладым,
ақ қайыңдардан сұрадым;
ақ ұлпа қарды сан кешiп,
алдыңа жетiп құладым…
19 қыркүйек, 1973 жыл.





Пікір жазу