17.03.2022
227
КҮЗГI САҒЫНЫШ
Бұла арман сынды…
Бұла таңдарды тербеген,
бұла сағымдай
бұғалық түсiп көрмеген,
бұл әнiм менiң жазылды,
кезiмде
сағыныштарға шөлдеген…
Шалқарға –
шалқып құлаған,
шулаған –
сыңсып жылаған,
долы өзендердей,
қара ормандардай
шырқаған кезде бұлақ ән…
Жол тартып
жылы тұстарға,
ақ едiл көлден
ақ үйрек-қаздар ұшқанда,
бұл әнiм менiң жазылды,
еңсерiп кештi,
телмiрiп қарап құстарға…
қазан, 1973 жыл.