17.03.2022
  109


Автор: Нұрлан Оразалин

Шулады жасыл....

Шулады жасыл бақ тұнып,
көктем боп күлiп,
сөйледi қайың-талдар да,
жiбек сәулесiн лақтырып,
Биледi қала…
Биледi үйлер…
Шамдар да…
Ұйқыдан жаңа тұрғандай
дүние түгел түс көрiп, иық сiлкiнiп,
беймаза көңiл,
беймезгiл тәттi армандай,
көзiмде менiң тұр тұнып…
Көзiмде менiң құлпырып,
түн болып мынау,
Алматы болып көлеңдеп,
биледi көктем
көкпеңбек нұр боп iркiлiп,
жаңбыр боп жауып,
жазылған жаңа өлең боп…
сәуiр, 1974 жыл.





Пікір жазу