17.03.2022
  154


Автор: Нұрлан Оразалин

Дауыс…

Дауыс…
Дауыс…
Жаңғыртты қия қырды.
Жыр ағылды,
төскейменен күй ағылды…
Байтақ өлке болды да абыр-сабыр,
Шопан-көктем…
Шопан-Ата ауылын ұя қылды.
Ұя қылды
тауым мен тастарымды,
өзен,
тоғай,
көлiмдi,
асқарымды.
Құлын-Дауыс
естiлiп қыр астынан,
қозыкөш жер…
Жаңғыртты Аспанымды…
Төл үнi ме?!
Көкөзекте есетiн жел үнi ме?!
Көктеудегi ауылды мазалаған,
бұл әлде сәуiрдегi
көктем деген
серiнiң желiгi ме?
Дауыс…
Дауыс…
Жаңғыртты қия қырды.
 
Шопан-Көктем
келдi де, күй ағылды…
Қойлы ауылдың
кiшкентай киiз үйiн
ерлiкке ұя қылды…
сәуiр, 1976 жыл.





Пікір жазу