17.03.2022
  140


Автор: Нұрлан Оразалин

Түнгi сағат үш жарым...

«Так мало пройдено дорог,
так много сделано ошибок...»
С.Есенин



Түнгi сағат үш жарым...
Ұйтқытып тұр қыс қарын.
Жүрегiме тыным бермей ақ боран,
ақ бесiктi тербетедi құштар үн.
Түнгi сағат үш жарым.
Аяз ұлып, боздайды,
боз тауымды қозғайды.
Түнгi Алматы... Күрсiне ме?
Қайтедi?
Ақын үшiн ұйқы қашса?..
Сөз – қайғы.
Аяз...
Аспан боздайды.
Түнгi сағат үш жарым...
Төктi неге қыс кәрiн?
Көктем сазы...
Дала жыры...
Қайда әлгi?
Көрдiңдер ме қарашаның құстарын?
Төктi неге қыс кәрiн?
Түнгi сағат үш жарым...
Қай додаға түстi Арым?
 
Қаталын-ай, табиғаттың мына бiр,
еске оралды шалыс басқан тұстарым.
Ұмыттырса...
Жарар едi түс бәрiн?!
Ұйқым қашты...
Түнгi сағат үш жарым...
ақпан, 1973 жыл.





Пікір жазу