17.03.2022
164
Ағады күндер...
Ағады күндер...
Көзiмнен менiң ағады,
алғашқы жауған ақ қардай.
Жанады күндер...
көзiмде менiң жанады,
сыңсығын күзгi бақтардай.
Көгiлдiр жастық шақтарым,
сәндi кештерiм – түсiмдей,
ағады көкпен ақжал аттарым,
дүбiрлеп күнде iшiмде ой...
Сағыныштарымды арқалап,
түн ауа туған Айдайын,
шетi жоқ, шексiз шартарап,
ұстатар емес шалғайын.
Ағады күндер...
сезiм боп ерiп ағады,
сынаптай лағыл шақтар-ай!
Жанады күндер...
Өртенiп өмiр жанады,
қалады қоңыр бақтар-ай!
Жүрек лүпiлiндей жаңғырып,
орман, көлдерiм шулайды,
қан менен тәндi жандырып,
арғымақ – дәуiр зулайды...
қазан, 1971 жыл.