17.03.2022
125
Ақпан да өтер...
Ақпан да өтер...
Шөлдетер мұң...
Өмiр өзге басталар.
Жыр жаңбырын селдетермiн,
Сөзiмдi естiр басқалар.
Көктем келер бiз күттiрген,
көшер көкпен ауған үн.
Сезiм болып үздiктірген,
қозғар кеште тауды әнiм.
Құстар қайтар ызғып қырмен
былтырғы емес...
Басқа бiр.
От махаббат үздiктірген
ойнар ыстық жас тамыр.
Шiлде де өтер...
Шөлдетер мұң...
Шырша, қайың ырғалар.
Ауыл қалар... Мен кетермiн.
Ай астында жыр қалар.
Түн ұялап дала, қырға,
жырымды оқыр аспан –ар;
мұң ұялап жанарыңда,
жастығыңа жас тамар...
Өмiр өзге басталар...
ақпан, 1970 жыл