17.03.2022
130

Немересiн....
Немересiн орап ап шекпенiне,
нан уатса көршi қарт кептерiне,
дирижерше сiлтейтiн ақ сабауын,
әжем менiң ой тастап өткенiне.
Таусылардай ұршықтың жiбi есiлiп,
отыратын кей сәтте түгесiлiп.
күбiр-күбiр ететiн махамдап бiр,
жанарынан жалт етiп күнес – үмiт...
Есiне алып бәрiн де, бәрiн-дағы,
немересiн иiскеп ап жанындағы;
сағыныштай қыз күнi... Алтыбақан...
Құба таңды құба жон шағылдары.
Әжем менiң ой тастап өткенiне,
өткенiне – алыс бiр көктемiне;
күрсiнiп ап ұршығын иiретiн,
нан уатса көршi қарт кептерiне,
немересiн орап ап шекпенiне...
қараша, 1968 жыл.