17.03.2022
  107


Автор: Нұрлан Оразалин

Туған елдiң...

Туған елдiң шежiре шалдарындай,
көз ұшында – Тянь-Шанның шоқылары.
Бала күнгi қол созған арманымдай,
бала күнгi сырларым оқылады...
Жүгiредi бiр тентек балақ түрiп,
күбiрлейдi кәрi әже «шырағым» деп,
тау суының толқыны құлап-тұрып,
маңдайымды салқын жел тұрады үрлеп.
Әлдеқайдан шәуiлдеп ала күшiк,
ала күшiк басады желiкпесiн.
бала күнгi тырналар барады ұшып,
бала күнгi аспанның керiп төсiн...
Жамырасып шалғындар көк белдегi.
үлкен жолдың бойынан шаң ұшады.
Сағым ойнап тұу сонау көктемдегi,
кимешектi қырларым жарысады.
Туған елдiң шежiре шалдарындай,
көз ұшында – Тәңiр тау шоқылары.
Бала күнгi қол созған арманымдай,
бала күнгi жырларым оқылады.
қараша, 1968 жыл.





Пікір жазу