17.03.2022
  225


Автор: Нұрлан Оразалин

Аязды баққа....

Аязды баққа,
сырғалы баққа,
баралық қайтып жылдағы жаққа,
ақ қайыңдардың кiрпiгiн сiлкiп,
ақ қармен тұрған
ырғалып шаққа.
Сөйлетiп бiр сәт
ақ армандарды,
сөйлетiп бiр сәт
ақ ормандарды,
шулатып үнсiз сырғалы бақты,
көрелiк қайтып жылдағы жақты.
Шыңылтыр аяз шымшысын беттен,
кеудеде билеп бiр ағын қатты...
Аязды баққа...
Сырғалы баққа...
Баралық қайтып жылдағы жаққа...
Жылдағы жаққа...
Сөйлетiп үнсiз
ақ армандарды,
сөйлетiп үнсiз
ақ ормандарды.
желтоқсан, 1968 жыл.





Пікір жазу