17.03.2022
  110


Автор: Нұрлан Оразалин

Жегiлсе қара ат шанаға...

 
Кеңшiлiкке
Асықпа, досым, қалаға,
бiлемiз жолдың шалғайын.
Шерулеп қалған сана да,
тынықсын бiраз маңдайым.
Тынықсын жүрек тулаған,
тауларда мынау жыр аз ба?
Атақ та...
Даңқ та...
Алматы жақта шулаған,
ұмытсын бiздi бiразға.
Ұмытсын бiздi кафелер
түтiн мен толған сыраға...
Шайырға шабыт әкелер
жатақ та қыз-қыз...
Сұлулар тәй-тәй...
Көшемен жүрген бұрала.
Асықпа, досым, қалаға.
Қыс деме суық,
ауылдың жәйiн бiлелiк,
жегiлсе қара ат шанаға,
бетке алып сайда жүрелiк,
еске алып бәрiн көрелiк,
түймедей қалса жадыңда.
Батасын алып,
шалдардан сұрап төрелiк,
аязға тоңып,
қайталық бесiн шағында...
желтоқсан, 1968 жыл.





Пікір жазу