17.03.2022
144
Аяулым!
Аяулым!
Қаталап, шөлдеп,
таңдайым құрғап, кепкенде,
сал-сарас ойдың
саздауыттарына шөккенде
сағынып жет те
шаң-тозаңдардан аршып ал.
Құдiрет-күшiң бар шығар,
Махаббат деген елде өскен,
Махаббат деген жерде өскен,
қажеттi жерде – шөл кешкен,
мұхит та кешкен,
теңiз де кешкен,
көл кешкен;
жылай да бiлген,
күле де бiлген,
белдескен?!.
Ағыл да тегiл сел кешкен,
көктем боп келшi сең көшкен,
қарсылықтарға,
қаталдықтарға көнбестен!
Өзiңе сен де,
көзiме сен де келшi сен,
өсек-аяңға сенбестен,
өртенiп, жанып, сөнбестен...
Жаңғыртып түнде көктi үнiң
жасын боп жетшi!
Жет, күнiм!..
Әйтеуiр менi қалдыра көрме
жалғыздық деген жапанда,
сезiм- қанатты талдыра көрме
тұтқыны болып өтейiн,
өтейiн мәңгi
Махаббат деген тектiнiң...
Тезiрек жетшi!
Жет, Күнiм...
маусым, 1970 жыл.