17.03.2022
  118


Автор: Нұрлан Оразалин

Шатынардай жанымның....

Шатынардай жанымның жасындары,
сағынамын сенi мен қасымдағы;
сағынамын, шашыңнан сипап тұрып,
қоштасардай күнi ертең жасыл бағым.
Көзден ұшып жасыл тау, жасыл көлдер,
жасыл аспан жасаурап шақырардай.
Қоштасардай бiз сүйген жасыл белдер,
көк өзендер көктемгi «ах» ұрардай...
Алау ернiң...
Албырап, гүлiм-еркем,
ақырғы рет өртенiп жанатындай;
бәрi-бәрi бiтердей бүгiн-ертең,
өлең бiткен таусылып қалатындай.
Осып-осып өтердей жасындарым,
сағынамын, сенi мен қасымдағы.
Сағынамын!
Шашыңнан иiскеп тұрып,
қоштасардай күн ертең жасыл бағым...
қазан, 1968 жыл.





Пікір жазу