17.03.2022
  112


Автор: Нұрлан Оразалин

Жолдан...

Жолдан...
Шаңнан...
Қыраттардан...
Теңiздерден тулаған,
бұлақтардан;
түннен,
шамнан – сыр ақтарған,
сабырсыз құрақ, талдан,
қайыңнан жылап қалған,
саябыр тауып оқшау
еменнен құлап қалған
Сенi iздедiм!
Өрiмнен дүлдiл ұшқан,
күндерден –
бiр ақ тарлан,
төрiмнен бұлбұл ұшқан,
түндерден жырақ қалған;
биiктен,
ғарыштардан,
жақыннан,
жырақтардан,
жұлдызды аспанымнан
нұр ақтарған,
Сенi iздедiм!
Iздедiм,
Мәңгiлiгiм!
 
Мазасыз сұрақтардан,
ақ айдын дәптерiмнен,
ақ толқын сәттерiмнен –
сырнайлы шақтарымнан,
сырғалы түндерiмнен
Жыр ақтарған.
қараша, 1970 жыл.





Пікір жазу