17.03.2022
  138


Автор: Нұрлан Оразалин

Сал сезiм....

Сал сезiм, бекерге бүрiспе,
бара алмай жүрмiн деп iрi iске.
Тау жайлы жазылар таудай жыр,
сеземiн, сiлкiнiп жүр iште.
Астана аспаны жаңғырып,
отты жыр өзектi жандырып,
сен жайлы жазылар сөз де асыл
ширығар жүректе...
Мәңгiлiк!
Куә қып жастықтың көл, кешiн,
ағыттым сырымды, сенгесiн.
Тауымды сүйгендей сүйдiм мен
Өзiңдi...
Сол сезiм өлмесiн!..
Өлмесiн!
қараша, 1969 жыл.





Пікір жазу