17.03.2022
  147


Автор: Нұрлан Оразалин

Мен өлең жаздым...

Мен өлең жаздым...
Сенi iздеп түнде, ерке қыз,
жүректi мылқау
сен жүрiп өткен өртеп iз,
сен жүрiп өткен көшелер,
көглдiр Ай мен
алаңдар сұлу,
Жер...
Теңiз...
Мен өлең жаздым...
Сенi iздеп
сәуiр – көктемнен,
сауыры мұңды таңдай боп,
кеудемнен көшiп кеткенде ел,
жұртында қалған жандай боп;
өртенген отты шағымда,
оранып ойым сағымға...
Мен өлең жаздым...
Алматы – сылқым қалада –
жастықтың лағыл бағында,
өртеңдей өндiр шағымда;
буырқанып жүрген кезiмде,
көмiлiп ерен сезiмге,
қарлығаш құсым ұя сап,
жалт еткен сенiң көзiңде,
өртенiп ерен сезiмге.
 
Мен өлең жаздым...
Сенi iздеп түнде, ерке қыз,
Жүректi соқыр
сен жүрiп өткен өртеп iз,
тiл қатты ғалам,
Махаббат болып
Жер...
Теңiз...
Мен өлең жаздым...
Мен өлең жаздым...
Сенi iздеп түнде, ерке қыз.
қаңтар, 1969 жыл.





Пікір жазу