17.03.2022
  147


Автор: Нұрлан Оразалин

Көкшiл Қала...

Көкшiл Қала... Қандай әсем ән кешкен,
үнiң сенiң – махаббатпен егiз үн.
Қыздар менi ғажайып бiр жан дескен,
жiгiт едiм толқып жүрген теңiзiм.
Қыз едiң сен... Ашылмаған бiр гүлiң.
Бозбала едiм... Қыз сүюдi бiлмеген.
Бар бiлерiм: Шабыт-қиял дүлдүлiм,
шалқып-шалқып, шақыратын түнде өлең.
Өлең едi сенi аңсаған сәттерiм,
өлең едi сенiң нұрлы жанарың;
өлең едi шимай-шатпақ дәптерiм,
жүрегiмнен жататынды тарап үн.
Қыз едiң сен... Киiгiндей елiктiң,
жалт қарадың, ойда-жоқта кездестiң;
жiпсiз менi байлап алдың, көрiктiм,
есiм ауды... Бозаң-бозаң кез кештiм.
Көкшiл ғалам... Қандай сұлу ән көшкен?!
Үнiң сенiң – махаббатпен егiз үн.
Қыздар менi ғажайып бiр жан дескен
жiгiт едiм..
Толқын атты теңiзiм!..
қараша, 1968 жыл.





Пікір жазу