16.03.2022
  183


Автор: Абдрахман Асылбек

Сүйемін деуге ақылым жетпей

Сүйемін деуге ақылым жетпей,
Жетсе де ақыл, батылым жетпей,
Отырмын мүлгіп, түнеріп ойда,
Күндерім қайда, түндерім қайда,
Тұлпармен шабар тақымым кеппей?
Болса да қазір шаршаған шағым,
Өзіңсің мәңгі аңсаған әнім.





Пікір жазу