16.03.2022
  130


Автор: Абдрахман Асылбек

Бір Алла

Адамға жанды беретін де,
Жанды алатын да бір Алла.
Таңды атыратын да,
Күнді батыратын да бір Алла.
Мәңгілік боламыз деп босқа
Неге лепіреміз мәңгіріп?
Әлемде бір Алладан басқа
Ешнәрсе жоқ мәңгілік.





Пікір жазу