16.03.2022
  157


Автор: Абдрахман Асылбек

Сезім

Нәзік ұғым сезім деген,
Көп адамдар сезінбеген.
Жатсам-тұрсам өзің болып,
Күндерім ол көз ілмеген.
Сезім бойды балқытады,
Сезім ойды шалқытады.
Жатсам-тұрсам өзің болып,
Алтын айдай қалқытады.
Сезім мені тербетеді,
Қиялымды өрлетеді.
Сәл көрмесем, сахарадай,
Ынтызарлық шөлдетеді.
Ақтарылып ән бұлағы,
Сезім жанды жандырады.
Ақыл-естен тандырады,
Бір өзіңе тән қылады.
Сезім көңіл пернесі екен,
Әр дыбысы дербес екен.
Махаббаттың жыры болып,
Сезім мәңгі сөнбесе екен.





Пікір жазу