meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.03.2022
  159


Автор: Абдрахман Асылбек

Ризамын барға

О, Алла, Алла,
Ризамын барға.
Ақырындап, жайлап
Жылжыта бер алға.
Билік берген атақ
Емес мәңгі мадақ.
Бағаласа болды
Байтақ елім қазақ.
Демеймін мен болдым,
Демеймін мен толдым.
Ұмытпаса халқым,
Тұғырыма қондым.





Пікір жазу