16.03.2022
  134


Автор: Абдрахман Асылбек

Көкірегіме керемет төгіп бір ән

Көкірегіме керемет төгіп бір ән,
Жүрегіммен жүзіңді көріп тұрам.
Ал, өзіңді көргенде, бойым балқып,
Қорғасындай оттағы еріп тұрам.
Сен өзіңнің бағаңды ұғасың ба?
Көңілінен ақынның шығасың ба?
Туса туар көркемдер келешекте,
Сендей сұлу туылмас бұл ғасырда.





Пікір жазу