16.03.2022
111
Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп
Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп,
Күн шығыстан күліп шыққан күнім боп.
Өзіңді де, өзгені де мәз қылып,
Жайраңдайсың жан секілд мұңың жоқ.
Бірақ, бірақ, мұңсыз адам болмайды,
Бір басыңа тілемеймін ондайды.
Аз қайғыны бастан сырып тастасаң,
Әрқашанда Жаратушың қолдайды.
Айналайын ай дидарлы арайлым,
Сенің үшін тек қуаныш қалаймын.
Нұр бейнеңді көру үшін әрдайым,
Әлсін-әлсін өзің жаққа қараймын.
Жаратушы жақсылықтан жазбасын,
Еш жамандық көрмес болсын өз басың.
Бақытты етіп басқаларды күлкіңмен,
Жалын оты жүрегіңде маздасын.