16.03.2022
  170


Автор: Абдрахман Асылбек

Сенің бейнең

Сенің бейнең көз алдымнан кетпейді,
Менің күнім сені ойлаусыз өтпейді.
Нұр жүзді көру үшін бір сәтке,
Бара жатам өрлеп биік беткейді.
Сен тұрасың қарсы алдымда күлімдеп,
Сәуле шашқан алтын арай күнім боп.
Сол бір сәтте шын бақытқа бөленем
Бірақ, бірақ, ақтарылар тілім жоқ.
Әйтсе-дағы жан сырыңды сеземін,
Сеземін де, кең әлемді кеземін.
Осындай жан болса екен деп жан жарым,
Армандаумен өртенеді өзегім.
Неге осылай өртенді деп сөкпегін,
Жаралған жан емессің ғой теп-тегін.
Сендей жанды сүйе білсем өмірде,
Шынында да бір бақытқа жеткенім.


 





Пікір жазу