16.03.2022
  256


Автор: Абдрахман Асылбек

Менің де күнім туады

Күнім де менің туады,
Төгілер шапақ шуағы.
Түсінбей мені жүргендер
Құшағын ашап тұрады.
Күнім де менің келеді,
Алтынды нұрын төгеді.
Суысып менен жүргендер
Сәлемін ыстық береді.
Болайын тірі, мейлі өлі,
Өшірмес өмір бейнемді.
Жырымды оқып өлмейтін,
Есінде сақтар ел мені.
Қиындық не бір көрсем де,
Азапқа ауыр көнсем де,
Мазаққа ешбір төзбеспін,
Елім деп өлем өлсем де.





Пікір жазу