16.03.2022
  111


Автор: Абдрахман Асылбек

Керемет менің көріктім

Керемет менің көріктім,
Кенеттен сені көріппін.
Сол күннен нәзік сезімнің
Тізгінін саған беріппін.
Керемет менің көріктім,
Құшаққа ыстық еніппін.
Алаулай түсті жүрегім,
Ішінде қалып өрттің.
Керемет менің көріктім,
Сөзіңмен ерке еріттің.
Арқаңда сенің жалғыздық
Не екенін білмей келіппін.
Керемет менің көріктім,
Демеймін сені желіктің.
Кей кезде артық сөзіңмен
Толқынға терең тоғыттың.
Керемет менің көріктім,
Кей кезде жөнсіз желіппін.
Қаншама бірге жүргенмен,
Бойымнан менің нені ұқтың?
Керемет менің көріктім,
Өмірге дара келіппін.
Бағалай білмес бағамды
Туыстан түгел жеріппін.
Керемет менің көріктім,
Құшаққа ыстық еніппін.
Қаншама дара болсам да,
Бір өзің ғана серіксің.





Пікір жазу