16.03.2022
  140


Автор: Абдрахман Асылбек

Жалғыздық

«Асты қорлама – құстырады,
Ерді қорлама – тыштырады».
Деген сөзді қандай қатын
Құлағына қыстырады?
Керегі тек қатынға
«Тегеурінді тақым да».
Болғанынша мүмкіндік,
Ләззат үшін бір түндік
Сатып жібереді бәрін де:
Тамаша тәнін де,
Бетіндегі әрін де,
Өмірдегі мәнін де.
Ондай кезде байдың да,
Керегі жоқ ардың да.
Некесіз туған бала да,
Бәрі де қалар далада.
Ақыл берер адам жоқ,
Жанындағыдан жаман жоқ.
Иә, әйел деген сайқал ғой,
Бетімен кеткен байтал ғой.
Ерін барынша қорлап бағады,
Өзге еркекті қолдап бағады,
Түптеп келгенде, сорлап қалады:
Жападан жалғыз қалады,
Түн күзеткен байғұз болады.





Пікір жазу