16.03.2022
1061
Халықаралық әйелдер күнімен - 8 наурыз
Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл шуақты мереке Сіздерге арналған, біздің қымбатты аналар, асыл әжелер, қамқор апа-қарындастар, адалжарлар, сүйкімді қыздар, құрметті әріптестер!
Күн сайын сіздер өз қамқорлықтарыңыз бен махаббаттарыңызбен біздерге ерекше шабыт, отбасылық бақыт сыйлайсыздар. Ең басты құндылықтарымыз да сіздермен байланысты: ананың аяулы алақаны, туған үй жылуы және барлық істерге қолдау. Сіздер арқылы бүкіл әлем мейірімді әрі әдемі болады!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, махаббат және қаржылық тұрақтылық тілейміз. Туған-туыстарымыз аман болсын! Сіздерге алғыс білдіреміз, бақытты болыңыздар!