16.03.2022
  195


Автор: Нұрлан Оразалин

Теңiзiмде көптен....

Теңiзiмде көптен жел еспей,
дауылым менiң
басылған едi баяғы;
бәрi де бәрi
қас-қағым сәттiк елестей
көрiнген едi
жастығым да саялы...
Таулар да анау
арман боп қолын бұлғамай,
баулар да мынау
бей-жайы, үнсiз шөккен-дi;
жолығып саған
тұмасы мөлдiр жылғадай,
шақырдым қайта көктемдi.
Өзiме-өзiм
айтуым керек шындықты:
өзгерттi күлкiң
өмiрiмдегi көп iздi.
тауларға түнгi тiл бiттi,
сөйлеттiң қайта
жүрегiмдегi теңiздi.
Жолығып саған...
Өзiм де бiлмей өзгердiм,
 
жөңкiле көштiм
дауыл үрлеген жал-құмдай.
Құлаттың менi!
Қай бақытыма кез келдiң,
Аяулым!
Шалғымен жыққан шалғындай?!
қыркүйек, 1968 жыл.





Пікір жазу