16.03.2022
  143


Автор: Нұрлан Оразалин

Күз түнi қайыңнан жас тамған...

***
Бiз бiлер боз үмiт-ғұмырда,
боз аспан тербеген бар маңды;
боз құсын қондырып тұғырға,
баптаған боз қанат тарланды;
боз Айлы боз түндер аманда,
иегiн артатын таңдарға,
көз қадап боз мiнез ғаламға,
жұлдыздар салатын ән барда;
боз ала кимешек оранып,
боз көкпен жалғасар шың барда,
басылмас боз дала бораны,
ақындар кешетiн мұң барда.
Бозбала сезiмiн өртейiн,
сия алмай жұлқынған жер-көкке.
Боз қайың!
Сырыңды шертейiн,
боз дәптер бетiне өрнектеп...
қазан, 1967 жыл.





Пікір жазу