16.03.2022
  184


Автор: Нұрлан Оразалин

Тағы да бiр күн....

Тағы да бiр күн өттi, бiр түн өттi,
арамызды уақыт алыстатып.
Алматыға өткiншi бүркiп өттi,
жаңа сезiм жаңа бiр ән ұстатып.
Тағы да бiр күн өттi, бiр түн өттi,
арман құсы ұстатпай биiкке өрiп.
Жанарларды жас тұнған сүртiп өттi,
бiреулерге – таусылмас күйiк болып.
тағы да бiр күн өттi, бiр түн өттi,
сағынышқа оранып, ғалам – мұңға;
тазы көрген түлкiдей үркiп өттi,
қиялым да алдамшы таң алдында...
Бiлесiң бе?!
Қанша ақын жыр түлеттi
осы түнде сезiмге бермей тыным?..
Тағы да бiр күн өттi, бiр түн өттi,
ендi қайтып ешқашан келмейтұғын.
Алматыға өткiншi бүркiп өттi,
ой төрiнен ұшты бiр қона алмай түн.
Жүректердi бiр сезiм сiлкiп өттi,
ешқашан оралмайтын...
мамыр, 1967 жыл.





Пікір жазу