16.03.2022
321
«Қайырлы түн!»
«Қайырлы түн!» – ән аты.
Дiрiл басты...
Қабаржыған көңiлге толтыра мұң.
Алай-дүлей...
Ұстатпай бiр үн қашты,
аққу-сезiм...
Белгiсiз жол, тұрағы.
Әне, бiрi!
Қалықтап барады ұшып
би тоқтаған «билердiң алаңына».
Фортепьяно...
Әуенiнен Шопеннiң тамады шық,
көктем ағып келедi жанарыма.
Ән боп менi арбаған түнде мынау
қайда қалқып барасың, күндерiм-ау?!
Мазалайды кудемдi шайқап ағын,
желдi күнгi теңiздей шайқаламын.
«Қайырлы түн!»
Шақырып мың-сан жұлдыз,
аққу-сезiм әуелеп айтады әнiн.
Тұла бойым барады ерiп мүлде,
жүрегiмдi саз тербеп жерiк түнде...
Назданады бойжеткен көзiн сүзiп,
сыбырлайды бiр жiгiт:
«Көрiктiм» деп...
«Қайырлы түн!»
Жастығым барады ұшып.
Әуенiнен Шопеннiң тамады шық...
наурыз, 1967 жыл.