16.03.2022
134
Елестеп арман....
Елестеп арман, бар тұнық,
жаңғырып түнде шарқ ұрып,
тіл қатты ғалам түн ауа
Сендегі шуақ арқылы,
Мендегі нөсер арқылы...
Шоқпысың? Әлде отпысың?!
Жалын оранып кетті ішім...
Сендегі нұрдың жалқыны
шайғандай түннің көк түсін.
Мен сені ессіз сүйгенмін,
Отыңа жанып, күйгенмін...
Алматы – жетім – Өзіңсіз...
Өзіңсіз – жетім күйге ендім...
қазан, 1974 жыл.