16.03.2022
157
Ойлы ғалам!
Ойлы ғалам!
Ойсыз ұл деп, безінбе!
Ақыныңмын: Жол беретін сезімге.
Алпыс бақсы қонып алып кеудеме
алты құрлық арбасып тұр көзімде,
Алты құрлық арбасып тұр сөзімде...
Заман мына... Жан берісіп, жан алған...
мұңсыз едім жаралғанда анамнан.
Мінсіз едім...
Дінім шұбар...
Тіл шұбар...
Сескенемін шұбарланған даламнан.
Қазақ елі...
Менің туған елім бе?
Қазақ жері...
Менің туған жерім бе?!
Неге ендеше жүре алмаймын мен еркін,
алшаң басып Алматымның төрінде?!
Ойлы ғалам!
Ойсыз ұл деп...
Тебінбе!
Кеудем толы – жауар бұлттай көп үнге.
Ақыныңмын...
Арман – қайғы,
Қиял – мұң...
Бір қызғыш құс шырылдайды көгімде...
Алматы, Пятигорск, 4 а.
15 сәуір, 1974 жыл.