16.03.2022
  127


Автор: Нұрлан Оразалин

* * *

Ұлылардың рухындай төрдегі,
тыным бермес ой, сезімнің өрнегі...
Өлең жазу – адамдарды аялап,
шын қайғырту,
шын қуанту Жердегі.
Елден сұра!
Желден сұра!
Жүректен!..
Ой-санадан, сезімдерден дір еткен.
Өлең жазу – дүниені түлету,
жағаласып тағдыр атты бір отпен.
Түсінгенге: Теңіз де – шу, көк те –шу,
Теңдік үшін сағат сайын беттесу.
Өлең жазу...
Өлмеу үшін күресіп,
мұз кеміріп,
Өмір үшін от кешу...
ақпан, 1974 жыл.





Пікір жазу