meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.03.2022
  192


Автор: Нұрлан Оразалин

* * *

Ақ көйлегің алыста –
ағараңдап көк түнде,
қолды созып ғарышқа,
бала-арман, ұзап кеттің бе?!
Сезімімді көгендеп,
қара түнде көлеңдеп,
Ай бетіне қондың ба
сұлу, мұңды өлең боп?!
Жас боп ағып жанардан,
Аспантауға жеттің бе?
Қайдасың?
Қайда, бала арман,
ғайыпқа ұшып кеттің бе?
23 наурыз, 1973 жыл.





Пікір жазу