16.03.2022
128
Мұңайма, құсым!
Мұңайма, құсым!
Үркітпе көктен Айыңды.
Көңілге – сабыр,
жүрекке медет, бер тыным.
Барайық бауға,
көрейік әлгі қайыңды
жапырағыменен
тартатын бір күй шертіп үн.
Қара түн мақпал...
Керімсал еді жел неткен?!
Қараңғы көше...
Қараңғы қала – бізбенен.
Сағынған түзді,
сағынған бізді тербеткен,
аспаннан анау
жауатын еді күзгі өлең.
Қараңғы көше...
Қараңғы қала – өзім бе?
Керімсал әуен...
Керім бір сенің кезің бе?!
Мұңайма, құсым!
Мұнардан әлі шығармыз.
Тіршілік дауыл...
Тигізе көрме сезімге!
Уақыт – сенің көзіңде!
Уақыт – менің сөзімде!
23 қыркүйек, 1972 жыл.