16.03.2022
117
* * *
Естимісің!
Күлкімді, мұңымды аспан,
менің мына кеудемнен бір үн қашқан,
кезіп жүрген жоқ па екен, айтыңдаршы,
жұлдыздардың арасын жымыңдасқан?!
Бозала кеш, боз таңда сыр аулаған,
қыр аунаған, көзінде жыр аунаған,
түстік жақты бетке алып кетті ме екен
тырналардың көшімен тыраулаған?!
Шағымды іздеп кетті ме бұлаңдаған,
сағымды іздеп кетті ме сылаңдаған?
Қай бағытта?
Қай тұста?
Көрінбей ме?
Мені...
Мені...
Қажытты тұман-ғалам?!
Боз жұлдыздар!
Боз көкте жымыңдасқан,
жүректердің тоятын, мұңын басқан,
Өлеңімді қайыра көріңдерші,
қарашада қамығып ұрын қашқан,
Қайыра көріңдерші...
Жырымды, аспан!
Демченко, 18.
18 қараша, 1972 жыл