16.03.2022
  123


Автор: Нұрлан Оразалин

* * *

Өмірде, жаным, аз ба күн,
кеудені келіп басар мұң;
қаңырап қалды жаз, бағым,
уақыттан қайда қашармын?!
Қаға алмай қанат алысқа,
жабықты түнде ой-көшем;
көміліп асау ағысқа,
суықта қалдым жейдешең...
Биледі бойды мұң бөлек,
көнбеске шара, жоқ амал;
шақырды мені түнделеп,
жұлдызды жасыл-орамал.
Үміттің оты оянып,
астында ғарыш – аспанның,
жүрегім нұрға боялып,
айналды жырға қашқан мұң...
10 қараша, 1972 жыл.





Пікір жазу