16.03.2022
  109


Автор: Нұрлан Оразалин

Тау да...

Тау да қалды,
Бау да қалды мұнартып,
асау өзен құздан төмен құлады.
Жел тербеген шынар тік
солқ-солқ етіп жылады.
Аққу-ғалам...
Көзін жасқа бұлады.
Жасын ұрып кеткендей,
бір тылсым үн – көктемгі ой...
Қақ айырып
қара түннің құшағын
бір жетім мұң жеткендей.
Жүрегімді...
Жүрегімді қақты кеп,
жалған күліп,
арман жылап, бақ түлеп,
Аққу-ғалам...
Аққу әні естілді,
Алатауым,
Жырға айналып жатты көк.
Аққу-сезім
жан қақпасын қақты кеп.
Көктем болып
көз ұшында ақты көк...
14 сәуір, 1972 жыл.





Пікір жазу