16.03.2022
  115


Автор: Нұрлан Оразалин

Көгілдір көктен...

Көгілдір көктен күй аңсап,
аспаннан алыс жыр күтіп,
Алматы түнін ұялшақ,
келген кім, жаным, үркітіп?!
Алатау дейтін жарықтық,
құлағын түре қалғандай,
дүниені мынау жарық қып,
қанатын қаққан армандай...
Сыбырын естіп түнгі Айдың,
күрсінді неден мына бақ?
Кеудемді қақты тынбай мұң,
жұлдыз боп көктен сығалап...
Үркітіп сұлу ғаламды,
аққудай ұшып көлден мұң...
Сілкілеп ой мен санамды,
Аяулым!
Айтшы!
Келген кім?!
сәуір, 1970 жыл.





Пікір жазу