16.03.2022
146
КЕЛ, КӨКТЕМ!
Жету үшін арман – алыс көмбеге,
Сезім керек екі аяқты пендеге.
Төзім керек сүю үшін егіліп,
Қайран көңіл, құр бекерге шөлдеме!
Қ-сы:
Е-е-һей! Тербеткен,
Сезім селдеткен!
Келші! Кел!
Кел, көктем!
Қанат қағып көк аспанға – ғарышқа,
Бір үн қашып бара жатыр... Ал, ұста!
Боз жұлдызды боз аспаннан Ай аппақ
сығалайды, сығалайды алыста.
Қ-сы.
Келер болсаң, сылқым түнде бойжеткен,
Жылатып кел, жұбатып кел, ей, көктем.
Тіл бітіріп мына менің кеудеме,
тасқын атып, тау суындай сөйлеп кел.
Қ-сы.
Келер болсаң, нөсерлетіп, сел боп кел,
Ақ айдынын аққу сызар көл боп кел.
Сені күтіп өртенуде жүрегім,
Сәуірім боп, дәуірім боп кел, көктем!
Қ-сы.
қазан, 1969 жыл