16.03.2022
  162


Автор: Нұрлан Оразалин

Өзіммен өзім....

Өзіммен өзім қалып күн кешкенде,
өзіммен өзім болып тілдескенде.
Дүние дүр сілкініп шығар алдан
қайғырып, қамыққанда, мұң кешкенде.
Арбасып ақпан ойлар...
Көктем ойлар...
бұлаңдар көз алдымда көк тоғайлар,
құйылып ақиық құс, бірде еңістеп,
Ал бірде... Қанат қағып көкке бойлар...
Оңаша өзім болып күн кешкенде,
өзіммен өзім үнсіз мұң кешкенде...
Дүние дүр сілкініп, оянады
кеудемде Аспан мен Жер тілдескенде.
желтоқсан, 1968 жыл.





Пікір жазу