16.03.2022
  122


Автор: Нұрлан Оразалин

Бұлттай боп...

Бұлттай боп таумен көшкенмін,
сезімнің отын кешкенмін.
Солай да солай...
Сүйіктім!
Лапылдап жанып, өшкенмін.
Көзімде – көктем, алдым – шың,
ғашық боп саған қалдым шын.
Сеземін!
Сезем, сүйіктім,
Жалынсың, отсың, балғынсың.
Ұшқындап боз күн, боз қайғым,
жылдарым озды...
Озды ай, күн!
Үрлеші байқап, сүйіктім,
жел тисе, лаулар қоздаймын.
Жылар жаз... Бәлкім күлер күз...
Осылай өмір сүрерміз...
Абайлап үрле шоғымды,
өртеніп кетіп жүрерміз.
29 желтоқсан, 1968 жыл.





Пікір жазу